![]()
30.01.2025 Университет ректоры Болат Тілеп Отто фон Герике атындағы Магдебург университетінің өкілдерімен кездесті 2025 жылдың 27 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп Отто фон Герике атындағы Магдебург университетінің өкілдерімен кездесті.
ERASMUS+CBHE бағдарламасы шеңберінде ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында өткен кездесуге Отто фон Герике атындағы Магдебург университетінің өкілдері Зельтрехт Астрид, Бюннинг Франк және Юлия Непомьяща қатысты.
Кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, соның ішінде ERASMUS+CBHE бағдарламасы аясында екі жобаға өтінім беру қарастырылды. ЖОО-лар арасындағы академиялық байланыстарды нығайту мүмкіндіктері қаралды.
Сондай-ақ кездесуге қатысушылар инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Отто фон Герике атындағы Магдебург университетінің делегациясын университет қызметімен таныстыру барысында университет кампустарына экскурсия ұйымдастырылды.
Қонақтар университет факультеттері мен Сорбонна-Қазақстан институтына барып, оқу орынның материалдық-техникалық базасымен, оқу ғимараттарымен танысты. Бұл сапар екі елде де білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға бағытталған серіктестік қатынастарды нығайтуға және бірлескен білім беру бастамаларын дамытуға бағытталған маңызды қадам болды деп есептейміз.
|