қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.01.2025

Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы және прокуратура қызметкерлері студент жастармен кездесті


Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы және прокуратура қызметкерлері студент жастармен кездесті 2025 жылдың 29 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті, Әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен университет студенттері Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы және прокуратура қызметкерлерімен кездесті.

 

Кездесу спикерлері Медеу аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нұрбақыт Махимов, лейтенант Алмат Абдикан және Медеу ауданы прокуратурасының прокуроры Еркебұлан Тойшыбайұлы болды.

 

Шара барысында спикерлер жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың алдын алу, алаяқтық, жеңіл ақшаға құмартып, теріс жолға түсу, ұрлық, зорлық-зомбылық тақырыптары төңірегінде әңгіме өрбітті. Іс-шара соңында студенттер пікірлерімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сауалдарын жолдады. Спикерлер барлық сұрақтар бойынша толыққанды жауаптар берді.

 

Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент

 

 

 

  alt=   alt=

 

  alt=   alt=