қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.01.2025

Жас ғалым конкурстық құжаттамасын құрудың қыр-сыры түсіндірілді


2025 жылдың 27 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Жаратылыстану және география факультеті, Химия кафедрасының профессор зерттеушісі Курманбаева Индира Алтаевна профессор оқытушы құрам мен 1-3 курс докторанттарына «Жас ғалым» жобаларының конкурстық құжаттамасын, ҚР ҰҚМ гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы бойынша ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинарда конкурстық жоба құрудың қыр-сырын, жоба орындаушыларын таңдаудан бастап, қойылатын талаптарды, жұмыстың нәтижесін қандай басылымдарда шығару қажеттігін, жұмыстың күнтізбелік кестесін дұрыс құруды, туындауы мүмкін деген тәуекелдік жағдайдарларды келтіруді және ең негізгісі жоба қаржыландырудан өтуі үшін өз тәжірибесінде қолданған фишкалармен бөлісті.

 

 

 

 

  alt=    alt=

 

  alt=