![]()
31.01.2025 «Орта ғасырлардағы Еуразия даласы және әлемдік өркениет» халықаралық қысқы мектеп шарасы аяқталды
2025 жылдың 15-24 қаңтар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық факультетінің «Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихы» кафедрасы «Орта ғасырлардағы Еуразия даласы және әлемдік өркениет» тақырыбында халықаралық қысқы мектеп шарасын ұйымдастырып, сәтті аяқтады.
Іс-шараға көптеген көрнекті ғалымдар мен тарихшылар, соның ішінде шетелдік сарапшылар мен зерттеушілер қатысты. Олар өз баяндамаларында Еуразияның орта ғасырлардағы тарихы мен оның әлемдік өркениетке қосқан үлесі туралы мол мағлұматпен бөлісті. Бұл қатысушыларға жаңа көзқарас қалыптастыруға, сондай-ақ заманауи ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарымен танысуға мүмкіндік берді.
Бағдарлама барысында шетелдік тарихшылар әртүрлі маңызды тақырыптар бойынша пікір алмасты, соның ішінде Еуразияның мәдени және саяси тарихындағы кілтті оқиғалар, көне мемлекеттер мен халықтардың тарихы және олардың қазіргі әлемге ықпалы туралы ақпарат берілді. Қатысушылар үшін бұл ақпараттар өте құнды әрі пайдалы болды, себебі олар жаңа зерттеу жұмыстарын бастауға және өз зерттеулерінде қолдануға мүмкіндіктер алды.
Қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы өте жоғары болды, ал шетелдік тарихшылардың тәжірибесі біздің білім беру үдерісіне елеулі үлес қосты. Барлық қатысушыларға іс-шараға белсене қатысқандары үшін алғыс білдіре отырып, аталған ғылыми шараға қосқан үлесі үшін белсенді қатысушыларға арнайы сертификаттар берілетінін хабарлаймыз. Алдағы уақытта да осындай тиімді шараларды ұйымдастырып, білім саласындағы халықаралық байланыстарымызды одан әрі нығайта түсуге ниеттіміз.
|