қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
31.01.2025

Жұмыс берушілер айлығы басталды

 

2025 жылдың 31 қаңтарында Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Кәсіби бағдар және мансапты дамыту департаментіне қарасты «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен «Tamos High School» мекемесімен бірлесіп, студенттерімізбен маңызды кездесу өткізілді.

 

Кездесу барысында студенттерге «Tamos High School» мекемесінде ашылған бос жұмыс орындары, жұмыс орындарының талаптары мен міндеттері туралы ақпарат берілді. Кездесудің мақсаты – студенттерге жұмыс нарығындағы жаңа мүмкіндіктер мен талаптарды таныстыру, сондай-ақ олардың кәсіби даму жолында маңызды қадам жасауға ықпал ету болды.

 

Спикерлер ретінде Болатқызы Ақмарал – бөлім меңгерушісі, және тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Макашева Ботакөз қатысып, жұмыс орындары туралы егжей-тегжейлі түсінік беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Бұл кездесу студенттерімізге болашақта жұмысқа орналасу үшін қажетті маңызды ақпараттар мен кеңестер ұсынды.

 

Мансап орталығы мен «Tamos High School» мекемесі арасындағы осындай серіктестік, студенттердің өз мамандықтары бойынша табысты жұмысқа орналасуына көмектеседі.

 

  alt=