![]()
02.02.2025 Психологиялық тренинг: «Ашық сенімді қарым-қатынас құрамыз және нығайтамыз»
2025 жылдың 31 қаңтарында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен Педагогика және психология факультетінің «Практикалық психологты даярлау» мамандығының 4 курс практикант-студенттерімен бірге «Ашық сенімді қарым-қатынас құрамыз және нығайтамыз» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Тренингке №5 жатақхананың студенттері қатысты.
Тренингтің мақсаты – оқу және әлеуметтік ортада сенімді қарым-қатынас орнату дағдылары мен эмоционалды сана және эмпатияны дамыту, топтық өзара әрекеттесуді қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау және сенімнің маңыздылығын түсіндіру. Студенттерді бір-бірімен таныстыру және белсенді тыңдау дағдыларын дамыту мақсатында тренинг «Мен туралы бір факт» жаттығуынан басталды.
Негізгі бөлімде вербалды емес қарым-қатынастардың, жеке көзқарастардың, сенім орнатудағы қорқыныштың рөлін түсінуге және топтағы ұйымшылдықты арттыруға бағытталған «Сенім арту», «Менің тосқауылымның суреті» және «Көз байлау лабиринті» жаттығулары жүргізілді. Тренингтің қорытынды кезеңінде студенттерге тұлғалық өзгерістер мен рефлекцияларды ұғыну мақсатында «Сенім көпірі» жаттығуы өткізілді.
Кері байланыс аясында студенттер тренингтен алған жағымды әсерлерімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар алды.
Психологиялық қолдау қызметі
|