![]()
05.02.2025 Абай университетінің қызметкерлері «Digital Almaty-2025» халықаралық форумына қатысты
Абай университетінің коммерцияландыру бөлімі мамандары цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы жетекші сарапшыларды біріктірген «Digital Almaty-2025» халықаралық форумына қатысты.
Спикерлер қатарында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат, ҚР Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Есекеев, сондай-ақ Oxford Insights, De Montfort University Kazakhstan, Bedrock AI және BTS Digital өкілдері болды.
Талқылаудың басты тақырыбы – білім беру саласына жасанды интеллектті енгізу. Сарапшылар дербестендірілген оқыту, процестерді автоматтандыру және білімді бағалаудың жаңа әдістері туралы айтты. Коммерцияландыру кеңсесіне білім беру бағдарламаларына жасанды интеллектті интеграциялау және инновациялық шешімдерді әзірлеу бойынша үлкен мүмкіндіктер ашылуда. Әсіресе жасанды интеллект негізінде білім беру өнімдерін коммерцияландырудың сәтті кейстері үлкен қызығушылық тудырды. Олар деректер аналитикасы мен бейімделгіш технологиялар негізінде студенттердің оқу тиімділігін арттыруға көмектесетін цифрлық платформаларды дамытуға ынталандырды.
Сонымен қатар, форум халықаралық ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа идеялар берді. «Digital Almaty-2025» білім беруді технологиялық және қолжетімді ету мақсатында алынған білімдер мен тәжірибелерді Абай Университетінде қолдануға ықпал ететін маңызды өсу алаңына айналды.
|