![]()
05.02.2025 «Жұмыс берушіге өзіңді дәлелде» жобасы өтті 2025 жылдың 5 ақпанында Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментіне қарасты «Мансап» орталығы ұйымдастырған «Сұқбат: жұмыс берушіге өзіңді дәлелде» жобасы өтті.
Бұл шара Алматы қаласының Наурызбай ауданы, №208 мектеп-гимназиясында өткізіліп, студенттерге жұмыс сұқбаттарында тиімді қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге мүмкіндік берді. Жобаның басты мақсаты – студенттерді жұмыс берушілермен сұқбаттасу процесіне дайындап, олардың кәсіби даму жолдарын кеңейту.
Іс-шараға 21 білім алушы қатысты. Олар түрлі кәсіби бағыттағы сұрақтарға жауап алып, жұмыс сұқбаттарында кездесетін типтік сұрақтар мен оларға қалай дұрыс жауап беру керектігін үйренді. Сонымен қатар, жұмыс берушінің талаптарына сай болу үшін қажетті дағдылар мен мінез-құлық мәселелері қарастырылды. Мектеп директорының орынбасары Нұрбек Өтебаев студенттерге жекелей сұрақтар қойып, сұқбат өткізді. Жобаның нәтижесінде Математика, физика және информатика факультетінің студенті Талант Парахатов жұмысқа орналасып, мансабын бастауға мүмкіндік алды.
Бұл жобаның жалғасы ретінде Алматы қаласының әртүрлі аудандарында осы жылдың мамыр айына дейін әр сәрсенбі сайын осындай шаралар өткізілетін болады. Бұл қадам жастардың кәсіби әлеуетін арттыруға және олардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсетуге бағытталған маңызды бастама болып саналады.
|