қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.02.2025

«Лудомания, суицид, буллинг, харассмент» тақырыбында 1 курс студенттерімен кездесу

 

2025 жылдың 5 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Білім алушылар арасында харассмент, буллинг, лудомания, суицид оқиғаларының себептері және онымен күресу жолдары» тақырыбында 1 курс білім алушыларымен кездесу өтті.

 

Кездесудің мақсаты – студенттердің психоәлеуметтік жағдайын жақсарту, әлеуметтік мәселелерге деген жауапкершілікті арттыру, жастарды бүгінгі қоғамда кең таралған зиянды әдеттерден аулақ болуға, сапалы білім алып, саналы тәрбиеге ұмтылуға шақыру болды.

 

Шараға университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов, әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Рақымберді Жетібай, бөлім басшылары Қайнар Маликов, Меруерт Таджибаева, Жанар Джаймаханова, Пірәлі Райымбек және Алия Мусанова спикер ретінде қатысып, білім алушыларға харассмент, буллинг, лудомания және суицид оқиғаларының себептері мен алдын алу және олармен күресу жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Кездесу барысында студенттер өздерінің денсаулығы, психологиялық жағдайы және әлеуметтік мінез-құлықтарына қатысты мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік алып, жеке мәселелері мен қиындықтары жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, психологиялық көмекке қолжетімділікті кеңейту мәселелері бойынша маңызды ақпараттар берілді.

 

Сондай-ақ, кездесу соңында қатысушыларға білім алушылардың өз мамандығына деген адалдығын, кәсіби міндеттерін толықтай орындауға мүмкіндік беретін «Әдеп кодексі» мен «Болашақ педагог анты» егжей-тегжейлі түсіндірілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=