қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.02.2025

Жаратылыстану пәндері бойынша РОӘК отырысы өтті

 

2025 жылдың 6 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Педагогикалық ғылымдар» республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі 015-жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау (математика, физика, информатика) «Инновациялық білім беру бағдарламаларын іске асырудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы форсайт-сессия форматында РОӘК отырысы өтті.

 

Отырысты Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова ашып, отырыс барысында жоғары оқу орындарын дамыту, білім сапасын ілгерілету жайындағы жасалып жатқан қадамдар мен өзекті мәселелерге тоқталды.

 

Жиынға жұмыс берушілер, мектеп пен колледж мұғалімдері, сонымен қатар басқа жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары қатысты. Форсайт сессия барысында инновациялық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үдерісіндегі кездесуі мүмкін кедергілер туралы проблемалық тұрақтар топ алдына қойылып шешімі қарастырылды. Отырыс офлайн және онлайн форматында өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=