қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.02.2025

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Палацкий университетінен студенттер келді

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында серіктес Оломоуце қаласында орналасқан Палацкий университетінен студенттер келді.

 

Манакова Вендула, Баркалова Елишка, Маркова Вероника және Коржинек Томаш есімді білім алушылар 2024-2025 оқу жылының ІІ жартыжылдығында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында оқиды. Қазақстанның білім беру жүйесімен танысады және университеттің академиялық білім алу ортасына енеді. Палацкий университеті тарапынан бағдарлама кураторы философия докторы, философия факультеті, славистика кафедрасының оқытушысы Патрик Варга.

 

Чехиядан келген студенттерге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқу пайдалы академиялық кезең ғана емес, сонымен қатар мәдени және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мүмкіндігі болатынына сенімдіміз.

 

  alt=