![]()
12.02.2025 «Тест құрастырудың әдістемесі» семинары 2025 жылдың 7 ақпанында Foundation факультеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Тест құрастырудың әдістемесі» атты семинар өтті.
Семинар барысында ҰБТ-ға дейінгі дайындық бөлімінің тыңдаушылары мен шетел азаматтарына арналған тест даярлығын құрастырудың заманауи әдістері, тест тапсырмаларының құрылымы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар, тест құрастырудың сенімділігін арттыру, тапсырмалардың сапасын жоғарылату және бағалау үдерісін жетілдіру жолдары туралы практикалық ұсыныстар мен ғылыми әдістемелерді меңгерді.
Семинардың негізгі спикері, тест орталығының басшысы, өз саласындағы тәжірибелі маман Алмагүл Смағұлова семинардағы басты тақырыптың, талданатын мәселенің тереңділігіне тоқталып, тест құрастырудың әдіснамалық негіздері мен заманауи технологияларын егжей-тегжейін таныстырды. Аталмыш шараның мақсаты, Foundation факультетінің оқытушыларына арналған білім беру сапасын арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдерді енгізуге үлес қосу.
|