қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.02.2025

«Дауылды жылдардың жалынды жыршысы» атты әдеби кеш өтті

 

2025 жылдың 12 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментіне қарасты, Мәдениет және шығармашылық бөлімінің №32 Алматы кітапхана ұжымымен бірлесіп ұйымдастырған Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Дауылды жылдардың жалынды жыршысы» атты әдеби кеш өтті.

 

Бұл шара Махамбет Өтемісұлының қазақ әдебиетіндегі орны мен ұлт азаттық қозғалысындағы ұстанымын, батырлық пен ақындық қасиеттерін кеңінен насихаттауға бағытталды. Әдеби кешке, Махамбет Өтемісұлының мұрасы мен ерлігін зерттеп, зерделеп жүрген тұлғалар қатысты. Оның ішінде М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, жазушы Нұрдәулет Ақыш, Махамбет атындағы жыршылар конкурсының лауреаты Мейрамгүл Орашева болды.

 

Кеште Махамбеттің қайсарлығы мен рухты жырлары шырқалып, батырлығы мен батылдығын насихаттайтын көрме, терең толғаулы жырлары оқылды. Аталмыш шараның ауқымы мен мақсаты Махамбет Өтемісұлының есімін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, қазақ әдебиетінің алтын қорына қосқан үлесін үлгі ету.

 

  alt=   alt=

 

  alt=   alt=