қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.02.2025

Абай университетінің студенттері академик Оразалы Сәбденмен кездесті 

 

2025 жылдың 13 ақпанында Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі департаменті, «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығының ұйымдастыруымен экономика ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Оразалы Сәбденмен танымдық кездесу кеші өтті.

 

«Әлем, Абай, Қазақстанның сара жолы» тақырыбында арнайы ұйымдастырылған шараға университет ректоры Болат Тілеп, Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов, «Хәкім Абай» ұлттық тәрбие орталығының ғылыми қызметкері Жабал Шойынбет, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов, Түлектер қауымдастығының жетекшісі Болатбек Нұрбатыров, Университет қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Мұхтар Ибраимов пен факультет оқытушылары және 150-ден аса университет студенттері қатысты.

 

Тағылымы мол, мазмұны терең кездесудің мақсаты – студенттерге Қазақстан экономикасының дамуына айрықша еңбек сіңірген тұлғаның өмірі мен қызметі туралы таныстыру, ғылымның дамуына қосқан сүбелі үлесі мен ғылыми еңбектерін және экономикалық реформаларға қатысты ұсыныстары, жас ұрпақты тәрбиелеуге, хәкім Абайдың «Толық адам» идеясының құндылықтарын білім алушыларға кеңінен насихаттау болды.

 

Шараның алғы сөзінде Басқарма төрағасы-ректор Болат Анапияұлы: «Абай университеті өз түлектерінің жетістіктерімен мақтанады. Біздің мақсатымыз – білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық рухы биік жастарды тәрбиелеу. Бұл жолда сіздің ғылыми еңбектеріңіз бен өмірлік тәжірибеңіз біз үшін бағыт-бағдар болатыны сөзсіз», - деп атап өтіп, ортақ жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ, ректор кездесу кешінің құрметті қонағы Оразалы Сәбденді «Абай» төсбелгісімен марапаттап, құрмет көрсетті.

 

Кездесу барысында қоғам қайраткері Оразалы Сәбден «Әлем, Абай, Қазақстанның сара жолы» тақырыбында арнайы қоғамдық дәрісін оқып, Әлем қайда барады?, Абай ілімі туралы және Қазақстанның сара жолы кітабы бойынша мәселелер төңірегінде ой өрбітті.

 

Кеш соңында қатысушылар сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.

 

   alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=