![]()
13.02.2025 Абай университетінің білім алушылары Талдықорған қаласында тәжірибеден өтуде
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Жетісу облысы білім басқармасы арасындағы ынтымақтастық меморандум аясында және екі жақты бірлескен жұмыс жоспарының негізінде, 2024 жылдың қараша айынан бастап, педагогикалық мамандықтың 20-ға жуық 4 курс білім алушылары Талдықорған қаласының орта білім беру ұйымдарында өндірістік іс-тәжірибеден өтуде.
Аталған өндірістік іс-тәжірибе 2025 жылдың 17 мамырына дейін жалғасады. Білім алушылар Жетісу университетінің қолдауымен жатақханамен тегін қамтамасыз етілген. Бұл бастама студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, оқушылармен тікелей жұмыс жасауға және болашақ мамандықтарына тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. 2025 жылдың 13 ақпанында өндірістік іс-тәжірибе аясында Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясында «6В01502 – Математика-физика» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Құмыролла Құрманғазы «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабаққа Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментінің директоры Алмас Найманбаев, Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры, Мансап орталығының жетекшісі Рақымберді Жетібай, Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясының директоры Айжан Жумадилова, Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Жанна Сулейменова, Математика пәнінің мұғалімі Жанна Кожабекова қатысты.
Бұл шара университет пен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына, болашақ мұғалімдердің кәсіби дамуына оң әсер етеді.
|