қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.02.2025

Абай университеті мен Қазақстан голбол Федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

 

2025 жылдың 18 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Қазақстан голбол Федерациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл маңызды қадам білім беру, спорт, ғылыми-зерттеу және мәдени салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылды.

 

Меморандум аясында тараптар өзара тәжірибе алмасуды, ғылыми зерттеулер жүргізуді, студенттер мен оқытушыларды спорттық шараларға қатыстыруды және университет қабырғасында голбол спортының танымалдылығын арттыруды көздейді. Сонымен қатар болашақта бірлескен іс-шаралар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру жоспарлануда. Меморандум жаңа жобалар мен бастамалар, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық бағдарламалар бойынша қосымша мүмкіндіктерге жол ашады.

 

Болашақта университет студенттері мен оқытушылары голбол спортының жаңашылдықтарына және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін спорттық шараларға қатыса алады. Сонымен қатар, тараптар білім беру бағдарламаларын жаңа бағытта дамытып, әлеуметтік жобалар аясында бірлескен зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр.

 

Меморандумға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті тарапынан Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов қол қойып, голбол Қазақстан Федерациясы Президенті - Мусрят Елибакиевпен ынтымақтастық жасалды. Бұл маңызды қадам екі тараптың өзара іс-қимылын нығайтып, ұлттық білім беру мен спорт саласының дамуына елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.

 

  alt=  

 

  alt=