қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.02.2025

PhD дипломдары мен куәліктер табыстау рәсімі өтті


2025 жылдың 18 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да профессор-зерттеуші және постдокторантура бағдарламаларын аяқтаған ғалымдарға және университет жанындағы Диссертациялық кеңестерде диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғаған докторанттарға философия докторы (PhD) дипломдары салтанатты түрде табыс етілді.


Жиынға Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - Ректор Болат Тілеп, Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор Ертай Сұлтан, Диссертациялық кеңес төрағалары, докторанттар мен Ғылым департаментінің қызметкерлері қатысты.


Өз құттықтау сөзінде Болат Тілеп университет тарихындағы маңызды жетістіктерге тоқталып, түлектердің толағай табыстары - білім ордасының дамуына қосылған зор үлес екенін атап өтті: «Оқу ордасын қалыптастыру жолында Алаш зиялыларының еңбегі орасан зор. Тарих жолындағы университет бағындырған әр белес - бұл ұжым мен түлектердің ортақ жетістігі десек те болады. Сіздер де осы оқу орнының одан әрі дамып, жандануына елеулі үлес қосатындарыңызға сенімдімін. Тағы да құттықтаймын!» - деді ректор.


Абай университеті педагогикалық зерттеу университетіне трансформациялау мақсатында 2019 жылдан бастап профессор-зерттеуші және постдокторантура бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Бұл бағдарламалар университеттің ғылыми әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге айтарлықтай үлес қосуда.


Еліміздің жетекші ғалымдары - М.Қойгелдиев және А.Абылкасымова жас зерттеушілерге үлкен сенім мен үміт артып, ғылыми ізденістеріне сәттілік тіледі. Ғылымға жаңа қадам басқан жастарға көрсетілген осындай қолдау, олардың болашақта жоғары жетістіктерге жетуіне түрткі болары анық.


Бұл маңызды салтанатты жиын Абай университетінің еліміздегі ғылыми зерттеулер мен педагогикалық білімді дамытудағы рөлін тағы бір мәрте айқындай түсті.


Абай университеті алдағы уақытта да жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау бағытында өз жұмысын белсенді жалғастыра бермек.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=