![]()
20.02.2025 Қарлығаш Қосбаевамен кездесу 2025 жылдың 20 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері Қазақстанның танымал дизайнері, сән саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Қарлығаш Қосбаевамен ерекше кездесу өткізді. Аталмыш кездесуді Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент сонымен қатар университетіміздің дизайн кафедрасының оқытушылары бірлесе ұйымдастырды.
Бұл шара университеттің шығармашылық бағыттағы білім беру бағдарламасын одан әрі дамытуға үлкен үлес қосты. Кездесу барысында Қарлығаш Қосбаева студенттерге өз шығармашылығы, ұлттық мәдениет пен дәстүрді қазіргі заманғы сән индустриясына енгізу жолдары туралы әңгімелеп, өзінің кәсіби жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Дизайнер ұлттық киімдерді заманауи сәнге бейімдеу арқылы әлемдік нарықта үлкен жетістіктерге жетіп жүргендігін айтып, студенттерге өз жобаларын іске асыруда шығармашылық еркіндік пен жаңашылдыққа ұмтылудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, шеберлік сыныптарында студенттерге киім дизайнының негізгі аспектілерін, сән әлеміндегі жаңа үрдістер мен технологияларды таныстырды.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты - жастарды сән индустриясының сырларымен таныстыру, болашақ дизайнерлерді ынталандыру және оларға кәсіби даму бағытында жаңа мүмкіндіктер ұсыну болды. Студенттер үшін бұл кездесу тек қана теориялық біліммен шектелмей, сонымен қатар практикалық тәжірибе мен кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Кездесу нәтижесінде қатысушылар ұлттық сәннің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы жаңа көзқарас қалыптастырып, болашақта сән саласында үлкен жетістіктерге жетуге деген ынтасын арттырды.
|