қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.02.2025

Жолдағы қауіпсіздік: саналы қоғам, сауатты жүріс


2025 жылдың 14 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті және «Хәкім Абай» ұлттық тәрбие орталығының ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, «Бағдаршам» автомектебінің негізін қалаушы Асылзат Ералықызымен «Жолдағы қауіпсіздік: саналы қоғам, сауатты жүріс» атты кездесу өтті.


Шараға Филология, Жаратылыстану және география, Өнер факультеттерінің білім алушылары қатысты. Кездесуді Жанар Джаймаханова жүргізді. Кездесу барысында студенттерге жол жүру ережелері, қоғамдық қауіпсіздік және жеке жауапкершілік туралы маңызды ақпарат берілді. Кездесу соңында спикерге Басқарма төрағасы-ректордың арнайы алғыс хаты мен естелік сыйлық табысталды. Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.

 

  alt=  

 

  alt=