![]()
21.02.2025 ҚазҰПУ-да жаңа асхана ашылды
2025 жылдың 21 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі Жаратылыстану және география факультетінің оқу ғимаратында студенттерге арналған жаңа асхана ашылды.
Күрделі жөндеуден өтіп, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген асхананың ашылуына университеттің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп, басқарма басшылары мен студенттер қатысты.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, ұлттық салт-дәстүрін, жалпы дүниетанымын бейнелейтін қабырға картиналарымен безендірілген асхана бір мезетте 150-ге жуық адамға қызмет көрсетеді. Ал бүгін іске қосылған тамақтану орталығынан күніне 500-дей адам ас іше алады.
Студент-жастар, қызметкерлер мен оқытушыларға арналған асханада қазақ, шығыс және еуропа халықтарының ас мәзірінен тағамдар дайындалады. Олардың бағасы көпшілікке қолжетімді. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал санатына жататын білім алушылар үшін арнайы 10%-дан 20% пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған.
Айта кетейік, университет басшылығы бүгінде заманауи оқу аудиторияларына және жайлы жатақханалармен қатар, тамақтандыру орталықтарына да жіті көңіл бөліп, жастардың сапалы тамақтануына жағдай жасауда.
|