![]()
24.02.2025 Қонаев қаласы бойынша білім бөлімінің өкілдерімен онлайн кездесу 2025 жылдың 21 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментіне қарасты «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен жұмыс берушілер айлығының аясында Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімінің өкілдерімен онлайн кездесу өтті. ZOOM платформасы арқылы өткен онлайн кездесудің мақсаты - студенттерге Қонаев қаласындағы мектептерде ашылған бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріп, жұмысқа орналасудың тиімді жолдары мен әртүрлі мамандықтарға қойылатын талаптар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды. Онлайн кездесуге Қонаев қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы Ардақ Азатқазиева, Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімініне қарасты бес білім беру мекемесінің директорлары және «Мансап» орталығының мамандары қатысты.
|