![]()
24.02.2025 Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің өкілдерімен онлайн кездесу 2025 жылдың 24 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментіне қарасты «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен жұмыс берушілер айлығының аясында Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің өкілдерімен онлайн кездесу өтті.
ZOOM платформасы арқылы өткен онлайн кездесудің мақсаты - студенттерге Қарасай ауданындағы орта білім беру ұйымдарында ашылған бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріп, жұмысқа орналасудың тиімді жолдары мен әртүрлі мамандықтарға қойылатын талаптар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды.
Онлайн кездесуге Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің маманы Бибінұр Құрманбекқызы, Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімініне қарасты жиырма білім беру мекемесінің директорлары және «Мансап» орталығының мамандары қатысты.
Кездесу барысында 4 курс (бакалавриат) және 2 курс (магистратура) түлектеріне 70-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылып, болашақ жас мамандардың мансап жолының бастауына ықпал етті.
|