қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.02.2025

«Сұқбат: жұмыс берушіге өзіңді дәлелде» жобасы


2025 жылдың 24 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментіне қарасты «Мансап» орталығы ұйымдастырған «Сұқбат: жұмыс берушіге өзіңді дәлелде» жобасы өтті.

Бұл шара Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында өткізіліп, студенттерге жұмыс сұқбаттарында тиімді қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге мүмкіндік берді. Жобаның басты мақсаты - студенттерді жұмыс берушілермен сұқбаттасу процесіне дайындап, олардың кәсіби даму жолдарын кеңейту.

Іс-шараға 8 білім алушы қатысты. Олар түрлі кәсіби бағыттағы сұрақтарға жауап алып, жұмыс сұқбаттарында кездесетін типтік сұрақтар мен оларға қалай дұрыс жауап беру керектігін үйренді. Сонымен қатар, жұмыс берушінің талаптарына сай болу үшін қажетті дағдылар мен мінез-құлық мәселелері қарастырылды. Мектеп директоры Асқар Темірханұлы жұмыс сұқбаттарында білім алушылар типтік сұрақтарға қалай жауап беру керектігін және жұмыс берушінің талаптарына сай мінез-құлық пен дағдыларды қалыптастыру жөнінде маңызды ақпаратымен бөлісті.

Бұл жобаның жалғасы ретінде Алматы қаласының әртүрлі аудандарында осы жылдың мамыр айына дейін әр сәрсенбі сайын осындай шаралар өткізілетін болады. Бұл қадам жастардың кәсіби әлеуетін арттыруға және олардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсетуге бағытталған маңызды бастама болып саналады.

 

  alt=  

 

  alt=