қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.02.2025

Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің өкілдерімен онлайн кездесу


2025 жылдың 25 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментіне қарасты «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен жұмыс берушілер айлығының аясында Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің өкілдерімен онлайн кездесу өтті.

 

ZOOM платформасы арқылы өткен онлайн кездесудің мақсаты - студенттерге Талғар ауданындағы орта білім беру ұйымдарында ашылған бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріп, жұмысқа орналасудың тиімді жолдары мен әртүрлі мамандықтарға қойылатын талаптар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды.

 

Онлайн кездесуге Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Айнакул Мухановна, Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімініне қарасты он бесбілім беру мекемесінің директорлары және «Мансап» орталығының мамандары қатысты.

 

Кездесу барысында 4 курс (бакалавриат) және 2 курс (магистратура) түлектеріне 60-қа жуық бос жұмыс орындары ұсынылып, болашақ жас мамандардың мансап жолының бастауына ықпал етті.

 

  alt=