қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.02.2025

«Құқықтық мәдениет – қауіпсіз қоғам» дәрісі


2025 жылдың 20 ақпанында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Құқықтық мәдениет қауіпсіз қоғам» тақырыбында дәріс өтті. Дәрістің мақсаты - студенттердің құқықтық мәдениеті мен саяси таным белсенділігін арттыру, адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтықтық тәрбие беру және студенттер арасында харассмент, лудомания, буллинг оқиғаларының алдын-алу. Дәрісті Абай университеті Заң факультетінің түлегі, Заңгер, PhD доктор, Д.А. Қонаев университетінің Тәрбие ісі және әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Талғат Дюсебаев жүргізді.

 

Қатысушылар нашақорлық, құмар ойындар және қорқыту, қудалау мәселелеріне арналған өзекті және маңызды тақырыптарды талқылады. Бұл сұрақтар белсенді пікірталас тудырды, кездесу барысында қатысушылар заңгер маманына сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті және жеке тәжірибелерінен мысалдарды талқылады. Дәрістің екінші бөлімінде жастарға ой салар әлеуметтік видеороликтер көрсетілді. Студенттер үлкен қызығушылық танытты, талқылауларға белсенді қатысты. Мұндай кездесулер құқықтық сауаттылықты арттырып қана қоймай, жастарға дұрыс өмірлік бағдар табуға көмектеседі.

 

Заңгердің айтуы бойынша, өз құқықтарын білу адамдарға кез келген өмірлік жағдайларда, мейлі ол еңбек дауы, адамдармен жанжалдар немесе мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу кезінде өзін сенімдірек ұстауға көмектеседі.

 

Дәріске университетімізден 150-ге жуық білім алушылар қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі