
Негізгі бет
Жаңалықтар
26.02.2025 «Қауіпсіз орта: буллингті бірге қалай тоқтатуға болады?» психологиялық семинары 2025 жылдың 26 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Қауіпсіз орта: буллингті бірге қалай тоқтатуға болады?» тақырыбында психологиялық семинар өтті.
Семинардың мақсаты - студенттерге Буллингтің түрлері (физикалық, психологиялық, кибербуллинг) және оның салдары туралы білім беру және буллингке қарсы тұрудың практикалық әдістерін таныстыру болды.
Семинарды Психологиялық қолдау қызметінің үйлестірушісі Саида Қосбай жүргізді. Спикер семинар барысында буллингтің түрлері мен себеп-салдары, буллингке қарсы тұрудың әдістері, сондай-ақ құқықтық жауапкершілік туралы құнды ақпараттармен бөлісті. Теориялық бөлімнен соң, студенттерге буллинг жайлы әлеуметтік видеоролик көрсетілді. Студенттер видеоролик туралы өз пікірлерін ашық білдірді.
Семинардың екінші бөлімінде, топ мүшелерінің өзара ынтымақтастығы мен сенімділігін арттыруға бағытталған арнайы жаттығулар жүргізілді. Студенттер топтық жұмыстарға белсенді қатысты.
Семинар буллинг мәселесін шешуге бағытталған білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Қауіпсіз ортаны қалыптастыру үшін бірлескен күш жұмсау қажеттілігі атап өтілді. Шараға Өнер факультетінің 40-қа жуық 1 курс студенттері қатысты.
Психологиялық қолдау қызметі |