қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.02.2025

Композитор Қалдыбек Құрманәлі Абай университетінің студенттерімен кездесті


2025 жылдың 27 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек Құрманәлімен кездесу өтті.

 

Кездесуге университет басшылары, профессор-оқытушылар құрамы мен белсенді университет студенттері қатысты. Шараның алғы сөзінде Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп композитордың өнер саласындағы еңбегін жоғары бағалап, кездесу кешінің құрметті қонағы Қалдыбек Құрманәліге «Абай» төсбелгісін табыстады.

 

Кеш барысында дәстүрлі әнші Еркін Шүкіман, эстрада жұлдыздары Ғани мен Бота өнер көрсетті. Сондай-ақ, шара қатысушылары композиторға өз сұрақтарын қойып, ашық сұхбат жүргізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=