![]()
28.02.2025 Абай университетінің студенттері №178 мамандандырылған лицейде көрме ұйымдастырды 2025 жылдың 27 ақпанында Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған лицейде Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультетінің оқытушылары Гүлжанат Қамиева мен Онласын Кулумбетова 4 курс студенттерімен бірге дидактикалық материалдар көрмесін ұйымдастырып өткізді.
Іс-шараға Жаратылыстану және география факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрсулу Жусупбекова, география және экология кафедрасының меңгерушісі Думан Алиаскаров, биология кафедрасының меңгерушісі Асия Майматаева, факультеттің профессор-оқытушылары мен студенттері, лицейдің мұғалімдері және оқушылары қатысты.
Студенттер LED экраннан әр мектепте ұйымдастырылған көрмелерден бейнежазбалар, педагогикалық іс-тәжірибе барысында өткен ашық сабақтар барысынан үзінділер мен дидактикалық материалдар топтамаларын тамашалады. Бұған қоса 4 курс студенттері оқу үрдісінде қолдан жасаған әртүрлі дидактикалық материалдар топтамасын көрмеге ұсынды. Көрмеге студенттер мен лицей оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, білім алушылар өзара тәжірибе алмасты. Көрме соңында 4 курс студенттеріне бірнеше номинация бойынша мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
|