![]()
28.02.2025 Абай университеті биология кафедрасы филиалы мен №178 мамандандырылған лицейінің бірлескен қалалық семинар-практикумы 2025 жылдың 27 ақпанында Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған №178 мамандандырылған лицейінде Абай атындағы ҚазҰПУ биология кафедрасы филиалының «Биология-химияны оқытуда функционалды сауаттылықты дамыту арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбындағы бірлескен қалалық семинар-практикумы өтті.
«Табысты мектеп - 2025» жобасы және Алматы қаласын дамыту бағдарламасы аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған семинар-практикумға №178 мамандандырылған лицейдің директоры К.Х.Шадиев және мектеп ұстаздары, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессор-оқытушылары, Алматы қаласы ҚББЖТӘО-ның биология-химия пәнінің әдіскері Б.Б.Алимбекова мен Алматы қаласы мектептерінің химия, биология пән мұғалімдері қатысты.
Семинарда Абай атындағы ҚазҰПУ биология кафедрасының меңгерушісі, PhD А.Д.Майматаева, Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылары - К.А.Жумагулова, Г.С.Камиева, А.Г.Аубакир, Р.Е.Амзеев және 202 мектеп-гимназияның биология пәнінің мұғалімі И.П.Өтегенова, №178 мамандандырылған лицей мұғалімдері А.Р.Батырканова, М.Т.Алипова баяндама жасады. Баяндама тақырыптары жаратылыстану - ғылыми білім беруді дамытудың теориясы мен практикасын, орта мектеп оқушыларының жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыруды және жобалық жұмысты ұйымдастырудың әдістемелік негіздері мен іс-әрекетті зерттеу арқылы көшбасшылықты дамытуды қамтыды.
Семинар-практикум соңында қатысушылар туындаған сұрақтарға жауаптар алды және осындай тренингтерді жиі өткізу туралы ұсыныстарын білдірді.
|