![]()
28.02.2025 «Балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша дауларды шешудегі әлеуметтік педагогтің қызметі» ашық дәріс-сабағы 2025 жылғы 25 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Айгүл Ахметова «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттерімен «Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әдістемесі мен технологиялары» пәнінің «Балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша дауларды шешудегі әлеуметтік педагогтің қызметі» тақырыбы бойынша диалог түріндегі дәріс өткізді.
Бұл формат студенттермен белсенді өзара іс-қимыл жасауға, пікір алмасуға, сұрақтар қоюға және жауаптар беруге мүмкіндік беріп, тақырыпты тереңірек түсінуге ықпал етеді. Ашық дәріс-сабағына мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ұлбосын Қыяқбаева, PhD докторлары, қауымдастырылған профессорлар Анар Әлімбекова және Әсем Бүлшекбаева қатысты.
|