![]()
03.03.2025 «Психикалық денсаулық - сапалы өмірдің кілті» дәрісі 2025 жылдың 28 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Сергей Скляр психотерапиялық орталығымен» құрған меморандум аясында «Психикалық денсаулық: сапалы өмірдің кілті» тақырыбында дәріс өтті. Дәрістің мақсаты - психикалық денсаулықтың маңыздылығы туралы түсініктерін арттыру, суицидтік белгілерді тану дағдыларын қалыптастыру, эмпатия, өзара көмек, өзіне және айналасындағыларға жауапкершілік құндылықтарын тәрбиелеу және студенттер арасында психикалық әл-ауқатқа қамқорлық жасау мәдениетін құру арқылы суицидтік тәуекелдердің алдын алу.
Дәрісті «Сергей Скляр психотерапиялық орталығының» клиникалық психологы Мухаббат Низамудин өткізді. Қатысушылар психикалық денсаулық мәселелеріне арналған өзекті және маңызды тақырыптарды талқылады. Бұл сұрақтар белсенді пікірталас тудырды. Онда қатысушылар клиникалық психологқа сұрақтар қойды, өз ойларымен бөлісті және жеке тәжірибелерінен мысалдарды талқылады. Студенттер үлкен қызығушылық танытты, талқылауға белсенді қатысты. Мұндай кездесулер психикалық денсаулық туралы түсініктерін арттырып қана қоймай, сонымен қатар жастарға психикалық әл-ауқатқа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
Дәріске Абай университетінің 150-ге жуық білім алушылары қатысты.
Психологиялық қолдау қызметі |