![]()
03.03.2025 «Сіздің ойыңызды өзгерткен кітап» тәрбиелік іс-шарасы 2025 жылдың 26 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ арнайы педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «Сіздің ойыңызды өзгерткен кітап» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Тәрбиелік іс-шараға арнайы педагогика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және арнайы педагогика білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары қатысты.
Іс - шараны кафедраның аға оқытушысы, PhD доктор Г.Ибатова «6B01902 - Арнайы педагогика: Логопедия» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттарымен бірлесіп ұйымдастырды. Кездесуде қатысушылардың өміріне әсер еткен, көзқарастарын өзгерткен кітаптар талқыланды.
Аталған шара білім алушылардың кітапсүйгіштік қасиеттерін, шетелдік әдебиеттермен де, қазақстандық шығармалармен де таныс екендігін көрсетті.
|