қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.03.2025

Жамбыл облысынан келген мектеп оқушылары Абай университетінде


2025 жылдың 28 ақпанында Жамбыл облысы Тараз қаласы, ЖШС «Озат Білім компаниясы» жекеменшік мектебі 11 сынып оқушыларының қатысуымен Филология факультетінде аталған мектеп оқушыларына «Талапкер 2025» атты Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

 

Кездесуге Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаменті директорының м.а. Алмас Найманбаев, қытай тілі және қытайтану кафедрасының меңгерушісі Гүлия Әлиханқызы және аталған кафедраның аға оқытушылары Арайлым Раева, Сымбат Мейрхан қатысып, университет және кафедра туралы ақпараттар берді. Сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ жайлы жалпы мағлұматтар, тарихы мен мамандықтары, білім беру бағдарламаларын кеңінен таныстыру мақсатында презентация, бейнежазба түсірілімдері көрсетілді.

 

Университеттің тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік нарықтағы орны мен халықаралық байланыстары туралы мәліметтер оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Оқушылардың көкейіндегі - оқу барысы, жалпы әлеуметтік жеңілдіктер және грант ұту мүмкіндіктері бойынша сұрақтарына оқытушылар жан-жақты жауап берді. Олар Абай атындығы ҚазҰПУ-ға оқуға түсуге ниетті екендіктерін айттып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысы - жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға үлкен мүмкіндік жасайды. Бүгінгі оқушы - ертеңгі маман, олар еліміздің дамуына үлес қосатынын ұмытпаған абзал.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=