![]()
03.03.2025 «AMANAT» партиясы ұйымдастырған байқаудан Абай университеті бастауыш партия ұйымы жүлделі оралды
2025 жылдың 26 ақпанында Астана қаласында «AMANAT» партиясы саяси мәдениет академиясының ұйымдастыруымен бастауыш партия ұйымдарының басшылары мен белсенді мүшелеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Алғыс айту күні және Партия күні қарсаңында өткен семинарда БПҰ қызметін жандандыру, партиялық жобалармер жұмысты тиімді ұйымдастыру бағыттары ұсынылды. Іс-шараға еліміздің барлық аймағындағы 3700 бастауыш партия ұйымы мен 225 қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері қатысты.
Бір күндік оқу-тренингінде барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталып, 27 ақпан күні «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау шарасы өткізілді. «AMANAT» партиясының төрағасы - Ерлан Қошанов барлық қатысушыларды құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауында ІІІ санат бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Жоғары білім - ҚазҰПУ» бастауыш партия ұйымы ІІ орын иеленді.
|