қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.03.2025

«Қаржылық сауаттылықтың қаржылық стрессті басқаруға әсері» психологиялық семинары

 

2025 жылдың 3-4 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Психологиялық қолдау қызметі «Қаржылық сауаттылықтың қаржылық стрессті басқаруға әсері» тақырыбында жатақхана студенттеріне психологиялық семинар өткізді.

 

Психологиялық семинардың мақсаты - студенттер арасында қаржылық сауаттылық дағдыларын дамыту және қаржылық шешімдер қабылдауға деген сенімділікті арттыру үшін қаржылық стрессті басқарудың тиімді стратегияларын үйрету.

 

Шараның бірінші бөлімінде «Қаржылық сауаттылық неге маңызды?» тақырыбында дәріс оқылды. Теориялық бөлімде қаржылық сауатты адамның белгілері, қаржылық жоспар құру, қаржылық қызметтер жайлы базалық білім берілді. Сонымен қатар, қаржыны басқарудың бірнеше формулалары және қаржылық мақсат қоюдың маңыздылығы да аталып өтті. Екінші бөлімде студенттерді топқа бөліп, әр түрлі кейіпкерлердің қаржылық жағдаяттары беріліп, сол жағдаяттардағы қаржылық қиындықтарды шешу мақсатында бюджетті бөлу тапсырмалары берілді. Студенттер жаттығуға белсене қатысып, жағдаяттардағы қаржылық қиындықтарды шешу мақсатында өз формулаларымен және жеке тәжірибелерінен мысалдарды келтіріп, өзара талқылады. Бұл жаттығу қаржылық стрессті азайтуға септігін тигізді және студенттердің қаржылық шешімдер қабылдаудағы стратегияларды қолданудың маңыздылығын айқын көрсетті.

 

Іс-шара соңында студенттер тренингтен алған инсайттарымен бөлісіп, қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын түсініп, тақырып бойынша қорытынды жасады.

 

Психологиялық семинарға №1 және 2 жатақхананың 50-ге жуық студенттері қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі