қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.03.2025

Абай университетінің түлегі студенттің бір жылдық оқу ақысын төлеп берді

 

2025 жылдың 6 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі, кәсіпкер Арайлым Назарова қайырымдылық мақсатында Абай университетінде оқитын, әлеуметтік көмекке мұқтаж білім алушының 2024-2025 оқу жылындағы 1 жылдық оқу ақысын төлеп берді. Атап айтқанда, оқуға деген құлшынысы зор, Филология факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Әдемі Нусиповаға қолдау көрсетілді.


Бұған дейін Арайлым Назарова Абай университетінің белсенді 20 студентіне ауызашар ұйымдастырып, бағалы сыйлықтар табыстаған болатын. Осы игі істері үшін университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақау Арайлым Назароваға алғыс білдірді.


«Кейінгі жастарға демеу білдіру - алдыңғы буын өкілдерінің мақсат-мүддесі болуы тиіс деп ойлаймын»,-дейді кәсіпкер.


Әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімнің негізгі мақсаты - әлеуметтік санаттағы мұқтаж жандарға көмек пен білімді жастарға қолдау көрсету. Абай университетінде бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.

 

  alt=