![]()
13.03.2025 Абай университетінің өкілдері «Толық адам» іліміне арналған семинар-практикумда спикер болды
2025 жылдың 13 наурызында Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылындағы №12 орта мектепте Абай мұрасына арналған «Толық адам» ілімі: табысты болашаққа бағдар» облыстық семинар-практикумы өтті. Алматы облысы бойынша білім бөлімінің әдіскерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысқан семинар-практикумға Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Рақымберді Жетібай, «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығының бас ғылыми қызметкері Жабал Шойынбет, Академик С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оны оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Еділбай Оспанов, кафедраның аға эдвайзері Өркен Иманғали Алматы облысының Білім басқармасы ұйымдастырған «Толық адам» ілімі: табысты болашаққа бағдар» облыстық семинар-практикумына спикер болды. Атап айтқанда, жиынға қатысушылар «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста...» тақырыбында мазмұнды ой қозғап, пайымды пікір алмасты.
|