қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.03.2025

Абай университетінің профессоры медиа білім беру тәжірибелерін білім беру мазмұнына енгізу жолдарын талқылады


2025 жылғы наурыздың 12 мен 14 аралығында Астана қаласында «Орта білім мазмұнына медиа және ақпараттық сауаттылықты интеграциялау жолдары» атты семинар өтті. Семинарды Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы өңірлік кеңсесінің ұйымдастырды.

 

Семинарға Абай атындағы ҚазҰПУ ЮНЕСКО кафедра меңгерушісінің м.а., педагогикалық инновациялар және Action Research орталығының жетекшісі, профессор-зерттеуші Айман Берікханова да қатысып қайтты.

 

Жиында диалогтық платформада инновациялық идеялар мен табысты халықаралық медиа білім беру тәжірибелері, медиа және ақпараттық сауаттылықтың өзекті мәселелері (МАС), оларды орта білім беру мазмұнына енгізу жолдары мен мүмкіндіктері, Қазақстанның цифрлық трансформациясы саласындағы жаһандық үрдістер талқыланды.

 

Семинардың негізгі спикерлері ретінде: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА вице-президенті Руслан Қаратабанов, Алматыдағы ЮНЕСКО аймақтық кеңсесінің мамандары Мейіргүл Алпысбаева, Маджер Масанов, Айчурек Усупбаева (Қырғызстан), Михаил Черны (Чехия), Татьяна Иванова (Украина), сондай-ақ Татьяна Юрченко (Алматы, Қазақстан), Ая Муффмин (Астана, Қазақстан) қатысты.

 

Семинар аясында тәжірибелі журналистер мен медиатренерлер - Татьяна Голубцова мен Мейрамхан Жапек қатысушыларға МАС саласындағы зерттеулерге кең шолу жасап, интерактивті фасилитациялық сессиялар өткізді. Сонымен қатар геймификация элементтері мен коллаборативті мотивациялық технологиялар қолданылған практикалық сабақтар өткізді.

 

Пікірталас алаңы барлық қатысушыларға медиа білім беру саласында жаңа білім алуға, кәсіби байланыстар орнатуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=