қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.03.2025

Абай университетінің ректоры «Креативті индустрияның тілтанымдық негіздері: зерттеулер мен әзірлемелер» стенд-конференциясына қатысты


2025 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен Астана қаласында «Креативті индустрияның тілтанымдық негіздері: зерттеулер мен әзірлемелер» стенд-конференция өткізілді.


Аталған іс-шара Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатындағы (03.01.2025): «Цифрлық технологияларды қолдануға баса мән берген жөн. Өйткені қазақ тілінің алдағы тағдыры, еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеті көбіне осыған байланысты болады» - деген тапсырмасына қатысты қазақ тіл біліміндегі ғылыми жаңалықтар, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында әзірленген цифрлық өнімдер, іргелі зерттеу еңбектері мен сөздіктері жалпы жұртшылыққа таныстырылды әрі заманауи зерттеулер тәжірибесі бөлісу мен насихаттау мақсатында өтті.


Стенд-конференция бағдарламасының шеңберінде Тіл білімі институтының зерттеу нәтижелері мен әзірлемелері, атап айтқанда, Қазақ тілінің ұлттық корпусы, оның ішкорпустары, «Қазақ тілі әмбебап электрондық сөздігі», «Тілтанымдық электрондық кітапхана», «Қазақ мәтінін автоматты тану жүйесі», «Ақылды мәтінтүзеткіш» сынды смарт-өнімдердің және ғылыми еңбектердің тұсаукесері өтті.


Мемлекеттің ғылым саясатын іске асыруға, қазақ тіл білімін дамытуға және ғылым саласында қазақ тілінің қолданылуына қажетті тілдік базаны жетілдіруге, отандық ғылыми-лингвистикалық ойдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерін ҚР Парламент сенаты мен мәжіліс депутаттарына қоғам және мемлекет қайраткерлеріне, ізденушілер мен білімгерлерге, БАҚ өкілдеріне кеңінен таныстыру - мемлекеттік тілдің зияткерлік әлеуетін насихаттауға жасалған қадам.


Стенд-конференция форматында өткен іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім, Мәдениет және ақпарат, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлік өкілдері, саясаткерлер, ғалымдар мен оқытушылар, мектеп мұғалімдері, журналисттер мен баспа өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, ЖОО студенттері, магистранттары, докторанттары және мемлекеттік тілдің даму үдерісіне қызығушылық танытқан барша елорда қауымы қатысты.


Іс-шара қатысушылары тілдік қолданысқа қолғабыс әрі қазақтілді орта жасауға негіз болатын халық тұтынуына икемделген цифрлық өнім түріндегі тілтанымдық-ғылыми жаңалықтар, зерттеулермен танысты, мұндай тілтанымдық өнімдер Қазақстанда жалпыұлттық бірегейлікті нығайту мен тұрақты дамуға қомақты үлес қосылатынына сенім білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=