қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
19.03.2025

Мыңға жуық студент сенбілікке қатысты

 

                

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы университеттік сенбілік өтті.

 

Қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына университет қызметкерлері мен университет факультеттерінен жалпы саны 1000-ға жуық студент қатысып, белсенділік танытты.

 

Сенбілік барысында студенттер оқу ғимараттары мен жатақханалардың айналасын ретке келтіріп, көгалдарды қоқыстардан, жапырақтардан және сынған бұтақтардан тазартты.

 

Айта кетейік, аталған акция Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр.

 

Бұл игі бастама университет қабырғасындағы студенттерге экологиялық жауапкершілікті сезінуге, қаланың тазалығына үлес қосуға және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы алдағы уақытта да экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түрлі шараларды жалғастыруды көздеп отыр.

 

 

19.03.2025

Ақпарат көзі: aikyn.kz