«ReStart – ойынқұмарлықтың алдын алу» тақырыбындағы профилактикалық кездесу
2025 жылдың 18 наурызында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «ReStart - ойынқұмарлықтың алдын алу» тақырыбында студенттермен профилактикалық кездесу өтті.
Кездесуді «Сана» зияткер жастар мектебі қоғамдық қорының басшысы, Практик психолог Ұлболсын Төребекқызы, «Возраждение лайв» оңалту орталығының директоры Хамит Шүкір, «Возраждение лайв» оңалту орталығының психолог кеңесшісі Шаймұрат Садуақас және Алмат Сагыров жүргізді.
Профилактикалық кездесудің мақсаты - студенттерді құмар ойындардың арты тәуелділікке алып келетінін және оның салдары мен қауіптері туралы ақпараттандыру, салауатты өмір салтына тұрақты мотивация құра білу және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.
Дәріс барысында спикерлер қазіргі қоғамдағы ойынға тәуелділік мәселесінің ауқымы туралы айтып, студенттерге жәй ойын-сауықтан басталатын құмар ойынның өмірдің барлық салаларына: қаржылық, эмоционалдық, әлеуметтік, тіпті физикалық тұрғыдан да әсер ететін күрделі мәселеге тез айналуы мүмкін екенін түсіндірді.
Тәуелділікті қалыптастыру механизмдеріне ерекше назар аударылды. Спикерлер құмар ойындардың психикаға қалай әсер ететінін және неге олар өте тәуелді болуы мүмкін екенін егжей-тегжейлі талдады. Сонымен қатар, студенттер өзінен немесе жақындарынан тәуелділіктің алғашқы белгілерін қалай тануға болатындығы туралы практикалық ұсыныстар алды және егер, мәселені өз бетінше шешу мүмкін болмаса, мамандардан уақытылы көмек сұраудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында студенттер спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.
Кездесуге Математика, физика және информатика, Тарих және құқық, Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеттерінен 70-тен астам студент қатысты.


Психологиялық қолдау қызметі