![]()
19.03.2025 Қош келдің, Әз-Наурыз! 2025 жылдың 19 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Foundation факультетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті.
Мерекелік шара Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Сапарғалиева Б. О. құттықтау сөзімен басталды. Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы, ынтымақ пен ырыстың, мейірім мен берекенің мерекесі. Іс-шара барысында студенттер ұлттық киім киіп, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптейтін қойылымдар қойды. Көрермендер назарына «Адай» күйі, халық әндері, ұлттық билер мен флешмоб ұсынылды. Сонымен қатар, наурыз көже әзірленіп, студенттер мен қонақтарға ұсынылды. Мереке аясында студенттер арасында интеллектуалдық викторина ұйымдастырылып, ұлттық ойындар – арқан тартыс, асық ату, қол күрес өткізілді. Студенттер ұлттық тағамдардың дайындалу әдістерімен бөлісіп, қазақ халқының қонақжайлық дәстүрін көрсетті. Кеш соңында Foundation факультетінің деканы Айсұлу Матқасымқызы үздік студенттерді арнайы грамоталармен марапаттады. Кафедра меңгерушісі Арайлым Жұбатқанқызы студенттерге жылы лебізін білдіріп, алдағы білім жолында сәттілік тіледі. Бұл мерекелік шара студенттерге халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін тереңірек тануға мүмкіндік беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге жол ашты. Барша қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған думанды кеш жоғары деңгейде өтті.
|