Абай университетінің ғалымдары көшбасшыларды даярлаудың модульдік бағдарламасы бойынша Шымкент қаласы мен Түркістан облысы мектептерінің директорлары мен директорларының орынбасарларын оқытуды аяқтады
2025 жылдың 13 мен 21 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы ҒЖБМ гранттық қаржыландыру жобасы шеңберінде (АР 23488334) жоба әзірлеушілер: Шолпан Колумбаева, Марфуга Абсатова, Шыңғыс Нұрланов, Айнұр Ноғаева Шымкент қаласы мен Түркістан облысы мектептерінің басшылары мен жаңа бастаушы басшылары үшін «Директор - жаңа формацияның көшбасшысы» біліктілікті арттыру курсының модульдік бағдарламасы бойынша офлайн форматта сабақтар өткізді.
Бекітілген бағдарламаға сәйкес әрбір модуль бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. «Директор-көшбасшылардың табысты үлгілері» 1-модулі бойынша Шыңғыс Нұрланов практикалық кейстерді шешу арқылы мектеп басшыларының көшбасшылық дағдыларын дамытуға, «Білім берудегі инновациялар мен жобаларды басқару», «Цифрлық білім беру ортасын құру және басқару» 2, 3-модульдері бойынша профессор Марфуга Абсатова топтық жұмыста тәжірибеге бағдарланған нәтижесі бар инновациялық ғылыми жобаларды әзірлеуді және қорғауды ұйымдастырып, «Педагог-басқарушылардың кәсіби өсуі мен дамуы» 4-модулі бойынша профессор Шолпан Колумбаева мектеп басшыларының кәсіби даму бағдарламаларын қорғауды іске асырды. Сондай-ақ PhD доктор, психолог Айнұр Ноғаева арнайы таңдалған психологиялық жаттығулар, тренингтер арқылы мектеп басшыларының көшбасшылық қасиеттерін ашуға тырысты.
Кездесу аясында нетворкинг және мектептің табысты басшысы Quantum Management Company бас директоры, РФММ КеАҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары, caravan of Knowledge қорының академиялық директоры Алмас Ордабаевпен сессиялық кездесу жүзеге асырылды.
Кездесу соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға курс үшін, цифрлық трансформация жағдайында білім берудегі инновацияларды оқыту мүмкіндігі үшін алғыс және жылы лебіздерін білдірді.


