![]()
26.03.2025 Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында Наурыз тойы тойланды 2025 жылдың 20 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы студенттермен бірге Наурыз мерекесін атап өтті.
«Тарихшылар ауылы» деп аталатын атаумен белгіленген киіз үй ұлттық нақышта безендіріліп, көрерменнің қызығушылығын тудырды. «Тарихшылар ауылына» Абай университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп бастаған әкімшілік қызметкерлері келіп, думанды тойдың куәсі болды. Басшылық жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, тілектерін білдірді. Студенттер мен оқытушылар өз өнерлерін көрсетіп, көрерменді тәнті етті.
|