![]()
27.03.2025 Абай университетінің студенттері Польшада қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша дипломдарын сәтті қорғады Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы 3 курс студенттерінің 12-сі қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша Поморск университетінде (Слупск қ., Польша) дипломдық жұмыстарын сәтті қорғады.
Бұл нәтиже екі университеттің академиялық ұтқырлығы мен кафедраларының үйлесімді жұмысының, сондай-ақ студенттердің қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды. Қос дипломды білім беру бағдарламасы студенттерге академиялық және мансаптық перспективаларын кеңейте отырып, бірден екі елде білім алуға мүмкіндік береді.
|