![]()
27.03.2025 Жаңару күні: Абай университетінің ұжымы ағаш отырғызды 2025 жылдың 19 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ әкімшілік қызметкерлері, факультет декандары мен орынбасарлары, кафедра меңгерушілері және профессор-оқытушылар құрамы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үн қосып, университет аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара 19 наурыз - Жаңару күніне орай ұйымдастырылды.
Көгалдандыру жұмыстарына Жаратылыстану және география факультеті биология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары белсене қатысты.
|