қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.03.2025

«Элементар физика» пәнінен ашық сабақ өтті

 

2025 жылдың 28 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика факультеті, математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Гульнур Жанбекова «Элементар физика» пәнінен ашық сабақ өткізді.


Ашық сабақққа кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Ж.К. Сыдықова, аға оқытушы А.Б. Нұрқамыт, оқытушы А.М. Шинтемиров қатысты.


Гульнур Жанбекова «6В01502-Матемтика-физика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне «Электромагниттік толқындар. Электромагниттік толқындардың қасиеттері» тақырыбын түсіндіру барысында электромагниттік толқындардың қасиеттерін сипаттайтын экспериментті орындап көрсетті. Көрнекілік құралдарды, оқыту технологияларды пайдалана отырып, ашық сабақты талапқа сай жоғарды деңгейде өткізді. Оқытушы студенттерге теориялық материалды түсіндіріп, практикалық тапсырмалар берді және топтық және жұптық жұмыстарды орындады.

 

  alt=  

 

  alt=