![]()
31.03.2025 Магистранттардың ғылыми семинарының қорытынды конференциясы Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих факультеті әлем тарих кафедрасы «Тарих-дінтану» мамандығы 2 курс магистранттары ғылыми семинарының қорытынды конференциясы тарих және дінтану саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған алаңға айналды. Қатысушылар өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып, пікір алмасып, діни процестерді зерттеудің жаңа тәсілдерін ұсынды. Конференция ғылыми дискурсты тереңдетуге және болашақ зерттеулердің перспективалық бағыттарын анықтауға ықпал етті.
|