![]()
01.04.2025 «Кейстердің әртүрін сабақтарда пайдалану» ашық семинар сабағы 2025 жылғы 28 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ дене шынықтыру және спорт кафедрасының PhD, аға оқытушысы Лаура Орынбаева «Кейстердің әртүрін сабақтарда пайдалану» тақырыбында 2 курс 1 топ студенттерінің қатысуымен ашық семинар сабағын өткізді.
Ашық семинар сабаққа кафедраның PhD, аға оқытушылары - Баялиев Р., Айжан М., Көкебаева Р., Гайсина Қ. қатысты.
Ашық семинар сабақтың мақсаты - білім алушылардың оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету, жаңа білім мен дағдыларды игеру. Ашық семинар сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер мен технологиялар: дамыта оқыту технологиясы элементтері, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, проблемалық оқыту технологиясының элементтері, топтық жұмыс, онлайн платформада жұмыс (Wordwall.net), кейс талқылау, интербелсенді әдістері қолданылып рефлексия жүргізілді.
|