![]()
03.04.2025 «Үркер» және «Шың» студенттік театры республикалық фестивальден жүлделі оралды 2025 жылдың 1-2 сәуірінде Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ұйымдастырумен Астана қаласында «Бабалар жолы - халқының мұрасы, ұрпаққа аманаты» атты республикалық студенттік театрлар фестивалі өтті. Мақсаты - өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Фестивальге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Үркер» және «Шың» студенттік театрлары қатысып, жүлделі І және ІІ орындарды иеленіп қайтты.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен 8 студенттік театр қатысқан шарада «Үркер» театры «Абай-Тоғжан» қойылымын сахналаса, «Шың» студенттік театры «Жазығым не менің, мама?» атты қойылымды көрермен назарына ұсынды.
Құттықтаймыз!
|